locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Киллиан Мбаппе 2025 жылға қойған мақсаттарымен бөлісті

Киллиан Мбаппе 2025 жылға қойған мақсаттарымен бөлісті
ФОТО: gettyimages.com

Мадридтің "Реал" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе 2025 жылға арналған мақсаттарымен бөлісті.

"2024 жылға қарағанда жақсы ойнағым келеді, жеңістерге жетіп, көптеген титулдарды жеңіп алғым келеді. "Реал" сапында әрбір сәттен рахат алу өте маңызды", — деді Мбаппе AS басылымына берген сұхбатында.

Француз футболшысы "Реалға" осы жазда бос агент ретінде қосылды. Содан бері ол клуб үшін 23 матч өткізіп, 13 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

18 ойыннан кейін "Реал" Ла Лигада 40 ұпаймен екінші орында тұр. Келесі турда Карло Анчелотти командасы "Валенсиямен" кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie