Артем Довбик Мбаппенің жетістігін қайталады
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: gettyimages.com
"Рома" форварды Артём Довбик "Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппенің жетістігін қайталады, деп хабарлайды Opta.
"Пармаға" қарсы Серия А-ның 17-ші турындағы голынан кейін, 27 жастағы украиналық соңғы екі маусымда топ-5 еуропалық чемпионаттың 20 әртүрлі командасына гол соққан екінші футболшы болды.
Алғашқы болып осы жетістікке Мбаппе жеткен, ол 22 командаға гол соққан.
Осы маусымда Довбик "Рома" құрамында 22 матч өткізіп, 9 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.