Алекс Карузо Оклахомамен келісімшартын жаңартты
Баскетбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: gettyimages.com
Қорғаушы Алекс Карузо "Оклахома-Сити Тандер" клубымен төрт жылға 81 миллион долларлық келісімшартты ұзартты. Бұл туралы ESPN инсайдері Шэмс Чарания хабарлады.
30 жастағы Карузо өз мансабын "Оклахома" фарм-клубында бастады, бірақ негізгі командада бірде-бір матчқа шыққан жоқ.
Кейін ол "Лос-Анджелес Лейкерс" клубына ауысып, төрт маусым өткізді, ал кейін "Чикаго Буллз" клубында үш жыл ойнады. 2020 жылы Карузо "Лейкерс" құрамында НБА чемпионы атанып, екі рет қорғаныс көрсеткіштері бойынша барлық жұлдыздар тізіміне енді.