locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Күтуге тура келеді: сарапшы Шавкаттың неге дәл қазір титулға үміткер бола алмайтынын түсіндірді

Рахмоновқа әлі кемінде бір қарсылас қажет
Күтуге тура келеді: сарапшы Шавкаттың неге дәл қазір титулға үміткер бола алмайтынын түсіндірді
ФОТО: UFC

Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмағында Ислам Махачевке қарсы титулдық жекпе-жекке үміткерлердің бірі саналады. Алайда Fight Nights Global лигасының президенті Камил Гаджиевтің пікірінше, дәл қазір қазақстандық спортшы титулға үміткер бола алмайды.

«Жеке өз пікірім: Шавкат үзілістен кейін бірден Исламға қарсылас болмауы керек. Себебі дәл осы үзіліске байланысты.

Бұл жекпе-жек өтетін сәтте Шавкат торға шықпағанына бір жылдан аса уақыт болады. Сондықтан мен Гэрри немесе Усманмен болатын айқасқа көбірек сенемін», – деп келтіреді маманның сөзін «Караван».

Өзі Шавкат жарақаттан кейін оңалуға белсенді кірісіп жатыр. Бұған дейін Рахмонов октагонға қайта оралатын уақытын атаған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie