Видео. Күткен реванш көзді ашып-жұмғанша аяқталды: Перейра Анкалаевты санаулы секундтарда нокаутқа жіберді
5 қазан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 320 турнирі жанкүйерлерге ерекше әсер қалдырды.
Кештің басты жекпе-жегі — жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеу үшін өткен реванш болды. Октагонда ресейлік Магомед Анкалаев пен бұрынғы чемпион, бразилиялық Алекс Перейра күш сынасты.
Алайда көпшілік ұзақ айқас күтсе де, бәрі бір сәтте шешілді. Перейра қарсыласын тік тұрыста қатты соққымен теңселтіп, бірден жерде аяқтап кетті. Рефери Хёрб Дин жекпе-жекті тоқтатып, бразилиялықтың техникалық нокаут арқылы жеңісін тіркеді.
Осылайша, Алекс Перейра UFC чемпионы атағын қайта қайтарып, кәсіби мансабындағы 13-ші жеңісіне қол жеткізді (3 рет жеңілген). Ал Магомед Анкалаев үшін бұл екінші жеңіліс болды — оның еншісінде енді 21 жеңіс, бір тең нәтиже және бір шешімсіз аяқталған жекпе-жек бар.
Сондай-ақ Двалишвили Сэндхагенді жеңіп, UFC 320-де белбеуін қорғап қалды.