Камил Гаджиев: Темировтың жекпе-жектен бас тартуы — өз кінәсі екенін мойындауы өте орынды
26 шілдеде Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирінде Асу Алмабаев пен Рамазан Темиров арасында жекпе-жек өтуі тиіс еді. Алайда Темиров жекпе-жектен бас тартты, енді қазақстандық файтердің қарсыласы перулік Хосе Очоа болады.
Ресейлік промоутер Камил Гаджиев өз YouTube арнасында бұл жағдайға пікір білдіріп, Темировтың өз кінәсін мойындауын оң бағалады. Оның айтуынша, Таиландта жұқтырған инфекция себеп болған.
«Темиров жекпе-жектен бас тартты. Бұл «оның кінәсінен болды» — Темировтың өзі солай дейді. Бұл, айтпақшы, өте дұрыс қадам. Жалпы, спортшылардың өздеріне сын көзбен қарағанын қатты бағалаймын. Самокритика десек те болады. Мұндай жігіттер менің көз алдымда бірден биіктеп кетеді. Ешкімге жүк артпайды, тек: «Бұл — менің кінәм», — деп айтады. Ол: «Таиландта менде қабыну басталып, инфекция болды», — дейді. Ондай жағдай ол жақта жиі кездеседі. Себебі адамдар көп, ауа райы ыстық, түрлі індеттер жүреді. Мен ешкімді Таиландқа бармауға шақырмаймын, бірақ бұл — шындық. Инфекция мәселесі ол жақта шынымен бар», — деді Гаджиев.
Гаджиев — Рахмонов жайлы: Чемпионнан басқа қарсылас атау — бұл сәл дұрыс емес болар еді