locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Ислам салмақ дәрежесін өзгертеді ме? Рахмонов титулдық жекпе-жек мүмкіндігінен айырылуы мүмкін

Ислам салмақ дәрежесін өзгертеді ме? Рахмонов титулдық жекпе-жек мүмкіндігінен айырылуы мүмкін
ФОТО: Getty images

UFC-дің жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы Ислам Махачев алдағы уақытта салмақ ауыстырып, жартылай орта дивизиондағы белбеу үшін таласқа араласуы ықтимал. Бұл туралы танымал UFC сарапшысы әрі журналисі Альваро Кольменеро мәлімдеді.

Оның айтуынша, ресейлік файтер 10 мамыр күні өтетін UFC 315 турниріндегі Белал Мухаммед пен Джек Делла Маддалена арасындағы жекпе-жекті асыға күтуде. Осы кездесудің нәтижесінен кейін Махачев өзінің келесі қадамын анықтайды. Сондықтан оның Халықаралық жекпе-жек апталығына қатысу-қатыспауы әзірге белгісіз күйінде қалып отыр.

Еске сала кетейік, бастапқыда Белал Мухаммед қазақстандық Шавкат Рахмоновпен титулдық кездесу өткізуі тиіс еді. Алайда Рахмонов денсаулығына байланысты турнирден шығып қалды, оның орнына аустралиялық Делла Маддалена шықты. Алғашқы жоспар бойынша, бұл жекпе-жектің жеңімпазы келешекте Шавкатпен белбеу үшін шайқасуы тиіс болатын. Алайда Махачевтің араласуы бұл жоспарды өзгертіп жіберуі мүмкін.

Кольменероның айтуынша, Ислам 11 мамырдан кейін өз шешімін қабылдайды. Бірақ оған кедергі келтіретін фактор — Белал Мухаммедпен достық қарым-қатынасы мен бірге жаттыққан сәттері. Сонымен қатар UFC ұйымы Махачев пен Илия Топурия арасындағы жекпе-жекті 28 маусымда өтетін UFC 317 турнирінің басты оқиғасы ретінде қарастырып отыр. Бұл турнир Лас-Вегастағы Халықаралық жекпе-жек апталығы аясында өтеді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie