locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ислам Махачев жартылай орта салмақтағы дебютін Әбу-Дабиде өткізуі мүмкін

Ислам Махачев UFC-де жартылай орта салмақтағы дебютін Әбу-Дабиде өткізуі мүмкін
ФОТО: Getty images

UFC ұйымының бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы Ислам Махачев мансабында жаңа белеске бет алды. 13 мамыр күні чемпиондық белбеуден ресми түрде бас тартқан ресейлік файтер енді жартылай орта салмаққа өтуді жоспарлап отыр. Жаңа дивизиондағы оның алғашқы қарсыласы – қазіргі чемпион, аустралиялық Джек Делла Маддалена болуы мүмкін. Жекпе-жек биыл күзде Әбу-Дабиде өтеді деген болжам бар.

33 жастағы Махачев жаңа салмаққа керемет көрсеткішпен келіп отыр. Оның жеңісті сериясы – 15 жекпе-жек, жалпы рекорды – 27 жеңіс және 1 ғана жеңіліс. Бұл жалғыз жеңіліс 2015 жылы бразилиялық Адриану Мартинске қарсы болған.

Аустралиялық Джек Делла Маддалена 2025 жылдың 11 мамырында Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде Белал Мухаммадты жеңіп, жартылай орта салмақта UFC чемпионы атанды. Бес раундқа созылған жекпе-жек төрешілердің бір ауыздан шыққан шешімімен а\устралиялықтың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Делла Маддалена UFC аясындағы жеңістер сериясын тоғыз жекпе-жекке жеткізіп, жалпы кәсіби көрсеткішін 18 жеңіс пен 2 жеңіліске дейін жақсартты.

Махачев пен Маддалена арасындағы ықтимал титулдық жекпе-жек биыл күзде Әбу-Дабиде өтетін UFC-дің басты турнирлерінің бірін бастап беруі мүмкін.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie