Перейра Анкалаевпен реваншқа келісім берді – жекпе-жек жыл соңына дейін өтеді
Ресейлік чемпионның менеджері екінші кездесу туралы мәлімдеді
ММА
18 мау 2025
02:13

Абылай Сеитов
Журналист

ФОТО: Getty Images
UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы чемпионы, бразилиялық Алекс Перейра ресейлік титул иегері Магомед Анкалаевпен реванш өткізуге келісімін берді. Бұл туралы Анкалаевтың менеджері Али Абдель-Азиз мәлімдеді.
«Перейра реваншқа келісім берді. Жекпе-жек жыл соңына жоспарланған», – деді Абдель-Азиз ТАСС агенттігіне.
Еске салайық, екі спортшы арасындағы алғашқы жекпе-жек 2025 жылдың наурызында өтіп, онда Анкалаев төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен еді.
UFC-дегі ең қорқынышты файтер аталды – Джо Роган Алекс Перейраны ерекше атап өтті.
Танымал жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек