Қырғызстандық Валентина Шевченко UFC 315 турнирі алдында қарсыласымен көз арбасты
ФОТО: NEWS.ru
10 мамыр түнінде Канададағы Монреаль қаласында UFC 315 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жектерінің бірінде Қырғызстан өкілі Валентина Шевченко мен Франциядан келген Манон Фиро кездеседі.
Жекпе-жек қарсаңында спортшылар дәстүрлі көз арбасу рәсімінен өтті. Жекпе-жек алдындағы сәт қызу атмосферада өтті – екеуі де жеңіске жетуді көздеп отыр.
Айта кетейік, Валентина Шевченко UFC-де әлі жеңілмеген қарсыласына қарсы чемпиондық белбеуін қорғайды.
Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммад ирландиялық Иэн Мачадо Гэрридің белсенді түрде титулдық жекпе-жекке ұмтылып жүргеніне пікір білдірді.