locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Хамитов октагонға жеңіспен оралды – бразилиялық қарсыласын тізе бүктірді

Қазақстандық файтер мансабындағы 28-жеңісіне қол жеткізді
Хамитов октагонға жеңіспен оралды – бразилиялық қарсыласын тізе бүктірді
ФОТО: kuat__khamitov instagram парақшасынан

Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов кәсіби октагонға сәтті қайта оралып, жеңіске жетті.

Грузиядағы турнирде ол бразилиялық қарсыласы Алан Силваны сенімді түрде үш раунд бойы жеңіп, жартылай орта салмақтағы жекпе-жекте үстемдік етті.

Кездесу өте шиеленісті әрі тактикалық тұрғыдан бай өтті. Екі спортшы да сақ қимылдап, ақырғы нәтижеде төрешілер бір ауыздан қазақстандық файтердің үстемдігін мойындап, оның жекпе-жекті бақылауда ұстауы мен қашықтықта нақты жұмыс жасағанын ерекше атап өтті.

Бұл жеңіс Хамитовтың кәсіби мансабындағы 28-ші болып тіркелді. Енді оның рекорды: 28 жеңіс, 8 жеңіліс және 2 тең ойын. Қуат үшін бұл былтырғы қазан айынан бергі алғашқы ММА ережесіндегі айқас, сол кезде де ол ресейлік Анатолий Бойконы төрешілер шешімімен жеңіп, жеңіс тойлаған еді.

Ал Алан Силва үшін Хамитовтан жеңілу кәсіби мансабындағы 12-ші жеңіліс болды. Желтоқсанда өткен алдыңғы жекпе-жегінде ол отандасы Моасир Рошаны екінші раундта ауырту әдісімен мерзімінен бұрын жеңіп шыққан болатын.

Сондай-ақ Қазақстандық спортшы PFL үздік бестігіне кірді.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie