Джон Джонс Аспиналлдың жекпе-жекке шақыруына жауап берді
АҚШ-тың ауыр салмақтағы UFC чемпионы Джон Джонс ағылшын файтері Том Аспиналлдың онымен жекпе-жек өткізуге ниет білдіргеніне пікір білдірді. Спортшы қарсыласына жоғары баға беріп, бұл жағдайда жанжал туындауына себеп жоқ екенін айтты.
«Том – керемет жігіт. Ол мансабын жалғастырып, тамаша жетістіктерге жетуі керек. Қазір ол мені ашуландыратындай жағдайда емес. Егер мен оған құрметсіздік танытсам, Томның жанкүйерлері көбейіп кетуі мүмкін. Ал енді оның менімен айқасқысы келетініне келсек – кейде қатты қалағаныңды алған кезде, бұл – сен үшін ең жаман жағдай болуы мүмкін», – деп келтіреді Джонстың сөзін Championship Rounds парақшасы.
Еске салайық, 2024 жылғы қарашада Джон Джонс UFC 309 турнирінде Стипе Миочичті үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Бұл – оның ауыр салмақтағы алғашқы чемпиондық белбеуін қорғауы еді. Қазір оның рекорды – 28 жеңіс және 1 жеңіліс.
Аспиналл шілдеде Манчестерде өткен жекпе-жекте америкалық Кертис Блэйдсті нокаутқа түсірген. Оның кәсіби көрсеткіші – 15 жеңіс (оның ішінде 12 – мерзімінен бұрын) және 3 жеңіліс.
UFC президенті Джон Джонстың Аспиналмен жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.