locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Дұрыс емес». Махачев Рахмоновпен жекпе-жекке шығу үшін өз шартын атады

Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі туралы пікір білдірді
«Дұрыс емес». Махачев Рахмоновпен жекпе-жекке шығу үшін өз шартын атады
ФОТО: Getty images

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев жеңіліс көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен потенциалды жекпе-жекке қатысты алғаш рет кең көлемде пікір білдірді. Чемпионның айтуынша, мұндай айқас мүлде жоққа шығарылмайды, алайда дивизиондағы жағдай белгілі бір ретпен дамуы тиіс.

Махачев «Номадтың» октагоннан ұзақ уақыт бойы алыста болғанын атап өтіп, бұл фактор матчмейкерлер үшін маңызды болуы мүмкін екенін жеткізді.

«Ол бір жыл бойы шыққан жоқ. Үміткер жарақатына байланысты бір жыл жұдырықтаспай, содан кейін бірден титулдық жекпе-жекке шығуы дұрыс емес. Бірақ ол толық қалпына келіп, UFC оны келесі қарсылас деп шешсе - неге шықпасқа?» - деді Махачев.

Шавкат Рахмонов шынымен де 2024 жылдың желтоқсанынан бері октагонға шыққан жоқ. Сол кезде ол Иэн Гэрриді жеңіп, рейтингтегі орнын сақтап қалды және әлемдегі ең қауіпті жартылай орта салмақ өкілдерінің қатарында қалды.

Осы талқылаулар аясында оның бапкері Эдуард Базров бұған дейін жанкүйерлерге команда чемпиондық айқасқа нық қадаммен жақындап келе жатқанын, титулдың Қазақстанға жеткізілетінін айтқан болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie