locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Титулды Қазақстанға әкелеміз». Шавкат командасы Махачевке ашық шақырау тастады

Шавкаттың бапкері дивизиондағы жағдайды бағалап, титулдық жекпе-жектің мерзімін атады
«Титулды Қазақстанға әкелеміз». Шавкат командасы Махачевке ашық шақырау тастады
ФОТО: Getty images

DAR Team бас бапкері Эдуард Базров UFC-дің жаңартылған рейтингіндегі Шавкат Рахмоновтың орнын және жартылай орта салмақтағы бәсекелестікті талдап өтті. Оның айтуынша, дивизиондағы жағдай күн сайын өзгеріп жатқанымен, қазақстандық жауынгердің позициясы әлі де ең мықтылардың қатарында.

Базровтың сөзінше, салмақта жаңа есімдер, жаңа үміткерлер пайда болып жатыр, алайда Шавкат титулдық айқасқа бір қадам ғана қалған жауынгерлердің сапында тұр.

«Біздің салмақта үнемі жаңару жүріп жатыр - жаңа жеңістер, өз атын көрсеткен жаңа жігіттер бар. Бірақ біздің жағдай түсінікті: бар болғаны бір жекпе-жек қалуы мүмкін, ал келесі кездесу міндетті түрде белдік үшін болуы тиіс. Немесе UFC бірден Ислам Махачевпен титулдық жекпе-жек беруі мүмкін», - деді ол.

Базров сонымен қатар команда бастапқыда белдікті дәл осы жылы әкелуді жоспарлағанын, бірақ Шавкаттың жарақаты дайындық кестесін өзгерткенін айтты.

«Мен бұл жылы белдікті алып келеміз деп айтқанмын, бірақ Шавкатта қиындықтар болды, денсаулығына қатысты сәттер кездесті. ИншаАлла, келесі жылы біз барынша жақындап, өз міндетімізді орындаймыз - титулды Қазақстанға әкелеміз», - деп түйіндеді бапкер.

Айта кетейік, UFC-дің жаңартылған рейтингінде Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы 3-орнын қайта иеленіп, титулға басты үміткерлердің бірі ретіндегі мәртебесін нығайтты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie