locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дэниэл Кормье: «Мераб Двалишвилиді тоқтата алатын жалғыз адам бар – ол Петр Ян емес»

UFC-дің бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвилидің үстемдігіне нүкте қоя алатын жалғыз қарсылас туралы айтты
ММА
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Дэниэл Кормье: «Мераб Двалишвилиді тоқтата алатын жалғыз адам бар – ол Петр Ян емес»
ФОТО: Getty Images

UFC ұйымының бұрынғы екі салмақтағы чемпионы әрі Даңқ залының мүшесі Дэниэл Кормье жеңіл салмақтағы (61 кг дейін) күш тепе-теңдігі туралы өз ойымен бөлісті.

Оның пікірінше, қазіргі чемпион Мераб Двалишвилиге лайықты қарсылық көрсете алатын жалғыз боец — Умар Нұрмағомедов.

«Шынымды айтсам, Мерабқа шынайы қиындық тудыратын жалғыз адам — Умар Нұрмағомедов. Басқалары оның қарқыны мен үздіксіз қысымына төтеп бере алмайды. Мұндай тоқтаусыз күреске дайындалу – өте қиын», — деді Кормье өз YouTube арнасында.

Еске сала кетсек, 5 қазанда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena алаңында өткен UFC 320 турнирінде Мераб Двалишвили жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Ол америкалық Кори Сэндхагенді бес раундқа созылған тартысты жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шешімімен (49–45, 49–45 және 45–46) жеңді.

Жекпе-жектен кейін Двалишвили Петр Янмен реванш өткізу мүмкіндігін де жоққа шығарған жоқ. Екеуінің арасындағы қарсыластық тарихы бұрыннан белгілі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie