locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дэниел Кормье, Әліби Ыдырыстың UFC-дегі мансабын сақтап қала ала ма? Сарапшы маңызды сұраққа жауап берді

ММА сарапшысы Михаил Крамер Әліби Ыдырыстың жеңілісінің себептерін талдап, оның UFC-дегі болашағына баға берді
ММА
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Дэниел Кормье, Әліби Ыдырыстың UFC-дегі мансабын сақтап қала ала ма? Сарапшы маңызды сұраққа жауап берді
ФОТО: alibi_idiris инстаграм парақшасынан

Ресейлік ММА сарапшысы, журналист, «Вестник ММА» жобасының жетекшісі Михаил Крамер Sports24.kz порталына эксклюзивті сұхбатында қазақстандық файтер Әліби Ыдырыспен (10-1) пен америкалық Джозеф Моралес (13-2) арасындағы UFC 319 турнирінде (Чикаго, АҚШ) өткен жекпе-жектегі жеңілістің себептерін түсіндірді.

«Әліби үшін бұл жекпе-жек өте сәтсіз өтті. Моралес өз тактикасын тиімді іске асыра білді. Бастапқыда бұл кездесу классикалық қарсы тұрысқа ұқсады — балуан мен соққыш арасындағы айқас. Мұндай жекпе-жектерде кім өз мықты қырын жақсы қолдана алады — сол жеңеді. Алибиде бұл жолы ол болмады. Ол жеткілікті агрессия танытпады, алға көп ұмтылмады. Моралес болса, тек күреспен шектелмей, тік тұрыста да сенімді көрінді. Негізгі айырмашылық жердегі күресте байқалды. Шынымды айтсам, күрестегі басымдық осыншалықты айқын болады деп күтпедім. Бұл жерде мойындау керек: Әліби бұл компонентке дайын болмаған. Оның не себепті дайын болмағанын өзінен естігім келеді, өйткені Моралес UFC-дегі ең мықты балуан емес - бұл жерде одан да мықты күрескерлер бар. Оның үстіне Алиби Асу Алмабаев секілді мықты балуандармен дайындалуға мүмкіндік алды. Мүмкін, дайындық барысында бірдеңе дұрыс болмаған шығар», — деді Михаил Крамер.

Сарапшы Әлібидің UFC-мен келісімшартқа отыру мүмкіндігіне де тоқталды:

«Болашаққа келсек, UFC-мен келісімшартқа отыру мүмкіндігі бар, бірақ аса жоғары емес. Оның TUF-тағы қарсыласы Моралеспен келісім жасалды, алайда жеңіліс пен ең аз танымал салмақ - 57 кг - бұл мүмкіндікке кері әсер етеді. Дегенмен, бұл жеңіліс Алиби үшін жақсы сабақ болуы мүмкін: бұған дейін ол жеңіліссіз келе жатқан, мүмкін, біршама өз-өзіне сенімділік артық болған шығар. Енді оның әлсіз жақтарымен жұмыс істеуге қосымша мотивациясы болады. Жағымды сәттер де бар. Әліби Дэниел Кормьемен жақсы қарым-қатынас орната алды, тіпті жекпе-жектен кейін олардың әрекеті әлеуметтік желілерде кең тарап кетті – Кормье оны қолдап, құшақтап, сөйлесті. Бұл оның болашақ мансабына оң әсер етуі мүмкін. Иә, бұл жеңіліс көңілге қаяу түсіреді, әсіресе мен Әлібидің мансабын көптен бері бақылап келемін, оның жекпе-жектерін комментатор ретінде көрдім, оны тірідей тамашаладым. Барлығы UFC-де жалғасады деп үміттенгем. Дегенмен, ол көрерменге қызық соққыш файтер ретінде қалады. UFC-де болмаса да, басқа ұйымдарда мансабы жалғасатынына сенемін», — деп қосты Михаил Крамер.

Әліби Ыдырыс (10-1) өзінің мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Ол The Ultimate Fighter шоуының финалында америкалық Джозеф Моралеске (14-2) есе жіберді. Жеңіл салмақта өткен жекпе-жек екінші раундта аяқталды — Моралес буынға алу әдісін жасап, Ыдырыс берілді. Америкалық турнирдің жеңімпазы атанып, UFC-мен келісімшартқа отырды. Ал Қазақстан бұл шоуда әлі де чемпионы жоқ ел болып қалды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie