Дана Уайт ашық айтты: Шавкат Рахмоновтың титулдық мүмкіндігі Белал Мухаммадтың жеңісіне байланысты
11 мамыр күні Монреаль қаласында өтетін UFC 315 турнирінде Белал Мухаммад жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғайды. Оның қарсыласы - аустралиялық Джек Делла Маддалена. Бұл жекпе-жектің нәтижесі тек чемпион тағдырын ғана емес, Шавкат Рахмоновтың да болашағын айқындайды.
UFC президенті Дэйна Уайттың айтуынша, егер Делла Маддалена сенсациялық жеңіске жетсе, жеңіл салмақтың қазіргі чемпионы Ислам Махачев жартылай орта салмаққа ауысып, жаңа чемпионға қарсы тұруы мүмкін. Бұл жағдайда жарақатына байланысты уақытша үзіліс алған Шавкат Рахмонов титулдық жарыстан шет қалуы мүмкін.
Алайда , Белал Мухаммад белбеуін қорғаса, Махачев өз дивизионында қала береді. Бұл сценарийде Исламға қарсы Илия Топуриямен жекпе-жек ұйымдастырылады. Ол UFC 317 турнирінде, 28 маусым күні Лас-Вегаста өтеді деп күтілуде.
Сондықтан қазақстандық жанкүйерлер үшін басты үміт - Белал Мухаммадтың жеңісі. Бұл жартылай орта салмақтағы тұрақтылықты сақтап, Шавкат Рахмоновқа титулдық жекпе-жекке жақындай түсуге мүмкіндік береді.