locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Dar Team командасының бас жаттықтырушысы жарақат алған Рахмоновтың жағдайы туралы айтты

ММА
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Dark Team командасының бас жаттықтырушысы жарақат алған Рахмоновтың жағдайы туралы айтты
Фото: gettyimages

Dar Team командасының бас бапкері Эдуард Базров қазақстандық Шавкат Рахмановтың америкалық Белал Мұхаммедке қарсы жекпе-жектен неліктен бас тартқанын айтты.

"Бұл Гарримен шайқаста болған жарақат. Жақында ол емделеді деп үміттендік, бірақ процесс ұзаққа созылды. Шавкаттың күйін әлі де түзету керек. Әрине, осы уақытқа дейін біз аяқты қалпына келтіре алар едік, бірақ алда Рамазан айы — толыққанды жаттығу болмайтынын ұмытпауымыз керек", — деді Базров "Вестник ММА" YouTube арнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін Шавкаттың келесі қарсыласы UFC жартылай орта салмағының чемпионы Белал Мұхаммад болады деп күтілген еді. Алайда жарақатына байланысты Рахмонов титулдық жекпе-жекке қатыса алмайтын болды. Оның орнына чемпиондық белбеу үшін белдесуге аустралиялық Джек Делла Маддалена шақырылды. Бұл айқас 10 мамырда Монреальда өтетін UFC турнирінің басты кездесуі болады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie