locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дана Уайт UFC турнирінің Ақ үйде өтетін билет құнын жариялады

Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы титул үшін Илия Топурия мен Джастин Гэтжи кездеседі
Дана Уайт UFC турнирінің Ақ үйде өтетін билет құнын жариялады
ФОТО: UFC

UFC президенті Дана Уайт Вашингтондағы Ақ үй аумағында өтетін турнирдің билет бағдарламасына қатысты жаңа мәліметтерді жария етті.

Лиганың басшысының айтуынша, ұйымдастырушылар шамамен 85 мың көрерменді қабылдауға дайын, әрі турнирге кіру тегін болады.

«Біз шамамен 85 мың адамды орналастырамыз деп жоспарлап отырмыз және барлық билеттер тегін таратылады. Жақын күндері оларды қалай алуға болатыны туралы хабарлаймыз», - деді Уайт UFC-дің ресми әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видеода.

Кештің басты оқиғасы - бұрынғы уақытша чемпион Джастин Гэтжи мен қазіргі жартылай жеңіл салмақтың белбеу иегері Топурияның жаңа салмақтағы титулдық айқасы болмақ.

UFC Freedom 250 деп аталатын турнир 14 маусымға жоспарланған және АҚШ астанасында өтеді. Бұл шоу АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылмақ.

Алдын ала кард

  • Илия Топурия - Джастин Гэтжи
  • Алекс Перейра - Сирил Ган
  • Шон О'Мэлли - Айманн Захаби
  • Маурисио Руффи - Майкл Чендлер
  • Бо Никал - Кайл Дакас
  • Диего Лопес - Стив Гарсия

Сондай-ақ Хамзат Чимаевтың алғашқы чемпиондық белбеуді қорғаудағы қарсыласы анықталды.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie