Конор МакГрегор UFC-мен келіссөздер жүргізіп, октагонға оралуға дайын екенін мәлімдеді
Атақты ирландиялық ММА файтері, екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы UFC чемпионы Конор МакГрегор (22-6) промоушен басшылығымен октагонға оралуы туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.
- «Менің келісімшарт бойынша тағы екі жекпе-жегім бар. Қазіргі уақытта біз бұл мәселені талқылап жатырмыз. Өткен аптада мен үшін маңызды оқиға болды. Мен ақ үйде болдым, және қазір жүрегім елім үшін қан жылап тұр. Ирландияда қазір көп жағдай болып жатыр. Мен жеткен жетістіктеріме қуанамын, бірақ алға қойған мақсаттарым әлі де бар», – деді МакГрегор BKFC баспасөз конференциясында.
Еске сала кетейік, ирландиялық спортшы соңғы рет октагонға 2021 жылдың 11 шілдесінде UFC 264 турнирінде шыққан болатын. Сол кездесуде ол жеңіл салмақтағы уақытша чемпион Дастин Порьеге техникалық нокаутпен есе жіберді. Бұл жекпе-жек қос спортшы арасындағы үшінші кездесу болды.
Қырғызстандық Антонина Шевченко өзінің спорттық мансабына нүкте қойды.