locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Белал Мухаммад UFC-дегі салмақ дәрежелерін арттыруды ұсынды

Экс-чемпионның пікірінше, жаңа дивизиондар файтерлердің мансабын ұзартуға және жиі жекпе-жек өткізуге көмектеседі
Белал Мухаммад UFC-дегі салмақ дәрежелерін арттыруды ұсынды
ФОТО: Getty Images

UFC-дің бұрынғы чемпионы Белал Мухаммад промоушен құрылымында өзгерістер енгізудің қажет екенін айтты. Америкалық файтер салмақ дәрежелерінің көбеюі спортшылар мен көрермендер үшін тиімді болатынына сенімді.

«UFC-де салмақ дәрежелерін арттыру керек пе? Меніңше, иә. Қазіргі жүйеде аралық салмақта қалып қойған жігіттер көп. Егер жағдайды өзгертсек, көптеген спортшы ұзақ уақыт бойы өнер көрсете алар еді және жылына бірнеше рет жекпе-жек өткізе алады», — деді Мухаммад өз YouTube арнасында.

Қазіргі таңда UFC-де сегіз ерлер дивизионы бар: ең жеңіл (57 кг дейін) салмақтан бастап, ауыр салмаққа (120 кг дейін) дейін. Қосымша салмақ дәрежелерін енгізу туралы ұсыныстар бұрыннан айтылып жүргенімен, ұйым басшылығы бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылдаған жоқ.

Камил Гаджиев: Темировтың жекпе-жектен бас тартуы — өз кінәсі екенін мойындауы өте орынды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie