Бейне. Мәскеудегі татамидегі драма: Исмағұлов ACBJJ 20 турнирінде жекпе-жекті аяқтай алмады
Қазақстандық ММА жекпе-жекшісі Дамир Исмағұлов Мәскеуде өткен ACBJJ 20 турниріне қатысты.
Бәсекеде ол жауынгерлік джиу-джитсу ережелері бойынша Бразилия өкілі Глейсон Тибаумен татамиге шықты.
85 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек уақытынан бұрын тоқтатылды. Бір эпизодта Исмағұлов аяғын ауыр жарақаттап алып, күресті жалғастыра алмады. Нәтижесінде айқас тоқтатылып, қазақстандық спортшыны алаңнан зембілмен алып кетті.
Исмағұлов соңғы жекпе-жегін биылғы мамырда Alash Pride 108 турнирінде аралас жекпе-жек ережелері бойынша өткізді. Сол кездесуде ол бразилиялық Алан Патрикті (15-5) айқын басымдықпен мерзімінен бұрын жеңіп, жекпе-жекті екінші раундта аяқтаған болатын. Қазіргі таңда Дамирдің ММА-дегі рекорды – 27 жеңіс, 3 жеңіліс.
Исмағұловтың қарсыласы, тәжірибелі Глейсон Тибаудың кәсіби ММА-дағы көрсеткіші де әсерлі – 39 жеңіс және 19 жеңіліс.
Сондай-ақ Хамитов Мәскеуде жеңіске жетті.