Базров Асу Алмабаев пен Уланбековтің реваншын қалайды
DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров UFC-де Асу Алмабаев пен Тагир Уланбеков арасындағы мүмкін болатын реванш туралы пікір білдірді.
«Иә, 2017 жылы Асу Тагирден жеңілді. Сол кезде-ақ мен бұл жекпе-жектің реваншын қалайтынымды айтқанмын. Қазір де қалаймын. Өйткені Асу сол кезден бері қаншалықты өсіп-жетілгенін көрсеткісі келеді. Қазіргі сәтте біз үшін Тагирмен айқасу қиындық туғызбайды деп ойлаймын. Асу қазір мүлде басқа деңгейде. Ол кезде жас, тәжірибесіз болатын. Қазір UFC-де бес жекпе-жек өткізді, соның төртеуін жеңді. Оған дейін Brave ұйымында да мықты қарсыластармен кездесіп, жақсы нәтиже көрсетті», – деді Базров Betonmobile басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Алмабаев пен Уланбеков қазіргі таңда UFC-дегі наилегчайший салмақта өнер көрсетеді.
«Төрешілер басқаша ойлапты». Мақсұм UFC-дегі даулы жеңілісіне пікір білдірді.