Азат үшін үлкен сынақ: Базров Уланбековпен болатын жекпе-жек жайлы пікір білдірді
Қазақстандық жанкүйерлер асыға күтіп отырған UFC Fight Night 258 турнирі 19 маусымда Бакуде өтеді. Бұл - UFC тарихында Әзірбайжанда өтетін алғашқы кеш, ал еліміздің атынан октагонға шығатын Азат Мақсұм үшін мансабындағы шешуші қадам болуы мүмкін. Оның қарсыласы- ресейлік тәжірибелі файтер Тагир Уланбеков.
UFC-де жартылай орта салмақтағы үміткер Шавкат Рахмоновтың жаттықтырушысы Эдуард Базров бұл айқасқа байланысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, бұл жекпе-жек Мақсұмның шынайы деңгейін көрсетеді.
«Тагир - салмақтағы үздіктердің бірі. Мұндай қарсыласты жеңу үшін тек физикалық дайындық емес, толық жан-дүниеңмен, ойыңмен, сеніміңмен шығуың керек. Бұл жеңіске деген ерік-жігер мен деңгейдің шын көрінісі болады. Егер Азат бұл сынақтан өтсе, жаңа мүмкіндіктер есігі ашылады», - дейді Базров Prosports.kz сайтына берген сұқбатында.
Азат Мақсұм бұл кездесуге 15 жеңіс және 1 жеңіліс көрсеткішімен келіп отыр. UFC-дегі алғашқы айқасында ол америкалық Тайсон Намды жеңсе, екінші жекпе-жекте Чарльз Джонсонға жол берген. Уланбеков қазіргі таңда жеңіл салмақтағы рейтингте 12-орында тұр. Ал Мақсұм бұл тізімде әлі жоқ. Айта кетейік, турнирдің басты жекпе-жегі Джамал Хилл мен Халил Раунтри арасында өтеді.