locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Азат Мақсұм UFC-дің Бакудегі тарихи турнирінде октагонға шығады

ФОТО: IG Azat

Қазақстандық UFC файтері Азат Мақсұм 21 маусым күні Бакуде өтетін тарихи турнирде октагонға оралады. Бұл UFC тарихындағы Әзірбайжандағы алғашқы шоу болмақ. Мақсұм турнирге жапондық Киоджи Хоригучидің орнына қосылып, орта салмақта ресейлік Тагир Уланбековпен кездеседі.

Бұл кездесу Азат үшін биылғы ақпанда Чарльз Джонсоннан жеңілгеннен кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ. Қазір оның рекорды - 15 жеңіс және 1 жеңіліс. Қарсыласы - 16 жеңісі мен 2 жеңілісі бар тәжірибелі Тагир Уланбеков. Ол Хабиб Нурмагомедов пен Ислам Махачевтің командасында жаттығады және биылғы қаңтарда Клейтон Карпентерді сенімді түрде жеңген болатын.

UFC Fight Night 258 турнирі промоушн тарихында тұңғыш рет Әзірбайжанда өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде америкалық ауыр салмақ өкілдері - Джамал Хилл мен Халил Раунтри қолғап түйістіреді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie