Қазақстандық файтер Қуат Хамитов ACA 194 турнирінде айбынды қайтуға дайындалып жатыр
Белгілі қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов октагонға қайта оралатынын мәлімдеді.
Спортшының айтуынша, оның келесі жекпе-жегі 23 қазанда Дубайда (БАӘ) өтетін ACA 194 турнирінде болады. «Найманның» қарсыласы – ресейлік спортшы Анатолий Бойко.
Instagram парақшасында Хамитов жекпе-жектің ресми постерін жариялап, оған қысқа хабарламасын қоса жазды:
«Дубай, 23 қазан. Қуат Хамитов (29-8-2) vs. Анатолий Бойко (12-4)».
Бұған дейін бұл екі спортшы 14 қыркүйекте Алматыда кездесуі тиіс еді, алайда қазақстандықтың жарақатына байланысты жекпе-жек кейінге шегерілген болатын.
Хамитов соңғы рет рингке 2024 жылдың қыркүйегінде шығып, кәсіпқой бокс ережесі бойынша өткен кездесуде Нұрберген Шариповты жеңген еді.
Сондай-ақ, Қуат Хамитов Андорра жастар құрамасынан сенсациялық жеңілістен кейін қазақстандық футболды тағы да сынға алды.