Қуат Хамитов Андоррадан ұтылған жастар құрамасын сынға алды
Белгілі қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Андорра құрамасына қарсы өткен матчтағы жастар құрамасының жеңілісіне қатысты пікір білдірді.
Сырт алаңда өткен ойында Қазақстан U-21 командасы 0:1 есебімен ұтылып, фаворит саналса да, күтпеген нәтижеге тап болды. Бұл жеңіліс жанкүйерлер үшін үлкен көңілсіздік тудырды, себебі матч алдында сенім жоғары болған еді.
Футболға қатысты өткір мәлімдемелерімен жиі көзге түсетін Хамитов бұл жолы да үнсіз қалмады. kzsports парақшасындағы жазба астында ол былай деп пікір қалдырды:
«Мен сіздерге 10 жыл бұрын футболды жабу керек дегенмін! Ал сіздер маған сенбедіңіздер», — деп жазды «Найман» смайликтермен бірге (күлкі мен бет жауып тұрған алақан белгісі).
Бұл нәтижеден кейін Қазақстан жастар құрамасы D тобында бесінші орынға түсіп қалды, олардың еншісінде үш ұпай бар. Андорра да үш ұпай жинағанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша Қазақстаннан төмен тұр.
Айта кетейік, бұған дейін Қуат Хамитов алматылық «Қайраттың» мадридтік «Реалдан» жеңілуіне де сын айтқан болатын. Ол кезекті рет қазақстандық футболдың деңгейіне наразылығын білдірді.