Азамат Мурзаканов UFC 316 турнирінде қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
Ресейлік файтер кәсіби мансабындағы 15-жеңісіне жетті
ФОТО: Getty Images
АҚШ-тың Ньюарк қаласында өтіп жатқан UFC 316 турнирінде ресейлік жеңілмеген жекпе-жек шебері Азамат Мурзаканов Бразилия өкілі Брендсон Рибейромен кездесіп, айқын жеңіске жетті.
Жекпе-жек алдын ала кард аясында өтті және бірінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Осылайша, 38 жастағы Мурзаканов өзінің кәсіби мансабындағы 15-жеңісіне қол жеткізді. Ол әлі күнге дейін жеңіліп көрмеген.
Ал қарсыласы, 28 жастағы Брендсон Рибейро, сегізінші рет жеңіліп отыр. Оның еншісінде 17 жеңіс бар.
Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Мераб Двалишвили бұрынғы чемпион Шон О’Мэллимен реванш өткізеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп UFC 316 турниріне баруды жоспарлап отыр.