АҚШ президенті Дональд Трамп UFC 316 турниріне баруды жоспарлап отыр
ММА
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
АҚШ-тың 47-ші президенті Дональд Трамп Ньюарктағы (Нью-Джерси, АҚШ) Prudential Center-те өтетін UFC 316 турниріне баруды жоспарлап отыр.
UFC нөмірлі турнирі 7 маусымнан 8 маусымнан қараған түні өтеді. Кештің басты оқиғасы жеңіл салмақтағы чемпион (61,2 келіге дейін) Мераб Двалишвили (19-4) мен бұрынғы чемпион Шон О'Мэлли (18-2) арасындағы реванш болмақ.
Турнирде сондай-ақ әйелдер арасындағы жеңіл салмақта (56,7 келіге дейін) Джулианна Пена (12-5) мен Кайла Харрисон (18-1) арасында тағы бір титулдық жекпе-жек өтеді.
Бұл президенттің UFC турниріне бірінші сапары емес - Трамп бұған дейін 13 сәуірде Майамиде (Флорида, АҚШ) өткен UFC 314 турниріне келген болатын.