locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Азамат Мурзаканов Анкалаевпен жекпе-жек жайлы: Бұл – спорт, достыққа қатысы жоқ

Жеңіліп көрмеген ресейлік файтер титул үшін жекпе-жек өткізуге дайын
Азамат Мурзаканов Анкалаевпен жекпе-жек жайлы: Бұл – спорт, достыққа қатысы жоқ
ФОТО: Getty Images

UFC-де өнер көрсетіп жүрген Азамат Мурзаканов жартылай ауыр салмақтағы чемпион Магомед Анкалаевпен титул үшін жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

UFC 316 турнирінде Мурзаканов Бразилия өкілі Брендсон Рибейроны бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, жеңістер сериясын 15-ке жеткізді.

«Егер маған Анкалаевпен титул үшін жекпе-жек ұсынса, мен келісемін. Бұл – спорт. Магомед те, жанкүйерлер де түсінеді деп ойлаймын. Әрине, ол – жекпе-жекке шыққым келмейтін ең соңғы адам. Бірақ белбеу оның қолында. Егер мен чемпион болсам, дәл осылай қабылдар едім», – деді Мурзаканов баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Магомед Анкалаев қазіргі таңда UFC жартылай ауыр салмақтағы чемпионы саналады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie