locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Асу Алмабаев UFC 5 ойынының кейіпкері болады

Асу Алмабаев UFC 5 ойынының кейіпкері болады
ФОТО: Getty images

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC 5 ойынында ойын кейіпкері ретінде пайда болады, деп. Ойыншылар оны 30 қаңтардан бастап таңдай алады , жаңарту 22:00-де шығады.

Алмабаев EA Sports-тың UFC сериясындағы екінші қазақстандық спортшы болмақ. Оған дейін желтоқсан 2022 жылы Шавкат Рахмонов қосылған еді.

UFC 5 ойыны 2023 жылдың 27 қазанында PlayStation 5 және Xbox Series X/S консольдеріне шықты. Ойынның әзірлеушісі — EA Sports. Мұқабада қырғызстандық Валентина Шевченко мен аустралиялық Алекс Волкановски бейнеленген.

Алмабаев UFC-дегі дебютін 2023 жылдың тамызында өткізді, содан бері төрт жекпе-жекте жеңіске жетті: Оди Осборнды сабмишнмен, ал Сиджей Вергараны, Хосе Джонсонды және Матеус Николауды төрешілер шешімімен жеңді. Қазіргі уақытта ол жеңіл салмақ дәрежесінде сегізінші орында тұр. Келесі жекпе-жегін Алмабаев 2 наурызда UFC Vegas 102 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы — бразилиялық Аллан Насименто, ол бастапқыда жоспарланған Стив Эрцегтің орнын басады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie