locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

АҚШ Президентінің Ақ үйінде UFC: Макгрегор сенсациялық келісімшартқа қол қойды

Ирландиялық ММА аңызы АҚШ-тың 250 жылдығына орай Ақ үй аумағында жекпе-жек өткізеді — келісім бекітілді
ММА
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
АҚШ Президентінің Ақ үйінде UFC: Макгрегор сенсациялық келісімшартқа қол қойды
ФОТО: thenotoriousmma инстаграм парақшасынан

Жеңіл және жартылай жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы екі дүркін чемпионы, 37 жастағы ирландиялық Конор Макгрегор октагонға қайта оралатынын ресми түрде мәлімдеді.

Fox News телеарнасының жүргізушісі Шон Хэннитимен сұхбат барысында Макгрегор өзінің келесі жекпе-жегі... Ақ үйде өтетінін хабарлады!

«Барлығы шешілді — келісімшартқа қол қойылды және жіберілді. Конор Макгрегор қайта оралады. Біз АҚШ-тың 250 жылдығына орай Ақ үйде жекпе-жек ұйымдастырамыз», — деді Конор.

UFC-дің бұл ерекше номерлік турнирі 2026 жылдың маусым айына жоспарланған. Бұл оқиға Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігінің 250 жылдығын тойлаудың бір бөлігі болмақ.

Макгрегор соңғы рет 2021 жылдың шілде айында UFC 264 турнирінде өнер көрсеткен. Ол кезде америкалық Дастин Порьеге қарсы бірінші раундта аяқ жарақатынан кейін техникалық нокаутпен жеңіліп қалған еді. Қазіргі кәсіби рекорды — 22 жеңіс және 6 жеңіліс. «Ноториустың» октагонға қайта оралуы әлемдегі жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудыруда.

Сондай-ақ МакГрегор Ақ үйдегі UFC турниріндегі жекпе-жек үшін тоғыз таңбалы гонорар алатынын айтты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie