МакГрегор Ақ үйдегі UFC турниріндегі жекпе-жек үшін тоғыз таңбалы гонорар алатынын айтты
37 жастағы ирландиялық спортшы, жеңіл және жартылай жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор 2026 жылдың жазында АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы Ақ үй аумағында өтетін тарихи турнирге қатысқаны үшін алатын гонорарының егжей-тегжейін жариялады.
«Ақ үйде өтетін жекпе-жек үшін 100 миллион доллар, оған қоса өзіме, отбасым мен достарыма 100 АҚШ-тың «алтын визасы». Жекпе-жек өнерінің әлеміне қайтадан керемет шоу сыйлайтын сәтті тағатсыз күтіп жүрмін. Бұл — мен ешқашан бағаламайтын ләззат», — деп жазды МакГрегор X әлеуметтік желісінде.
Еске салсақ, ирландиялық спортшы 2021 жылдың шілдесінен бері октагонға шыққан жоқ. Сол кезде UFC 264 турнирінде ол аяғы сынған соң Дастин Порьеге техникалық нокаутпен жеңілген болатын. Қазір МакГрегордың кәсіби мансабында 22 жеңіс пен 6 жеңіліс бар.
Бұған дейін UFC-дегі Рахмоновтың келесі қарсыласы аталған болатын.