Дональд Трамп UFC 314 турнирінде қонақ болды
ММА
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
13 сәуір, яғни бүгін, қазірге сәтте Майамиде (Флорида штаты, АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC 314 турнирі өтіп жатыр.
Шоуға құрметті қонақ болып АҚШ президенті келген. Дональд Трамп америкалық Доминик Рейес пен ресейлік Никита Крылов жекпе-жегі алдында «Касейя-центр» аренасына келді. Айта кетейік, аталған жекпе-жектің бірінші раундында америкалық жауынгер қарсыласын нокаутқа жіберді.
Турнирдің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақта промоушеннің бұрынғы чемпионы аустралиялық Александр Волкановски бразилиялық файтер Диего Лопеспен кездеседі. Жекпе-жекте жартылай жеңіл салмақта бос тұрған UFC титулы сарапқа салынатын болады.

Фото: Трансляциядан кадр