Арман Царукян UFC-дегі келесі жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады
UFC жеңіл салмақ дәрежесінің бірінші нөмірлі рейтинг иегері Арман Царукян алдағы жоспарларымен бөлісті. Еске сала кетсек, ол UFC 311 турнирінде Ислам Махачевке қарсы жекпе-жекке шықпай, ұйым тарапынан сынға ұшыраған еді. Енді армян спортшысы 28 маусымда өтетін Илия Топурия мен Чарльз Оливейра арасындағы титулдық айқасқа қосалқы ретінде дайын отыр.
Арман өз сөзінде, егер бұл кездесуге қосылу мүмкін болмай қалса, тамыз немесе қыркүйек айларында Дэн Хукермен немесе Джастин Гейджимен жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты. Оның пікірінше, Пимблетт пен Гейджиді UFC өзара кездестіруі мүмкін, ал өзі Хукермен жұдырықтасады.
«Қазір мен 28 маусымды күтіп жүрмін. Егер біреу жарақат алса – мен дайынмын. Егер бәрі жоспар бойынша өтсе, тамыз-қыркүйекте Хукермен немесе Гейджимен айқасамын. Бірақ, меніңше, бұл Хукер болады. Себебі Пимблеттті Гейджимен кездестіреді деп ойлаймын. Ал жылдың соңына қарай титул үшін айқасамын», – деді Арман.
Айта кетейік, 30 мамыр күні Мәскеуде Арман Питбульге қарсы грэпплинг жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Арман Царукян Шавкат Рахмонов пен Ислам Махачев арасындағы жекпе-жек жайлы пікір білдірді.