Арман Царукян Шавкат Рахмонов пен Ислам Махачев арасындағы ықтимал жекпе-жек туралы пікірімен бөлісті
UFC файтері Арман Царукян (22-3) Ислам Махачевтің (27-1) жартылай орта салмаққа ауысуы туралы ойымен бөлісті және қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты (19-0) атап өтті.
«Жаңа салмақта бәрі ойдағыдай болады деп ойлаймын. Өйткені ол көп салмақ тастамайды, өзін жақсы сезінеді. Ал бұл дивизионда өте жақсы күресетін адамдар жоқ.
Шавкат бар - оның формасы қазір жақсы. Сезімталдығы жақсы, қашықтықты сезеді, күресте жаман емес. Бірақ оның әлі ешқандай мықты қарсыластары болған жоқ.
Ислам жартылай орта салмақта чемпион болады деп ойлаймын. Және ол сонда қалады, титулды қорғайды», - деді Царукян Камил Гаджиевтің YouTube арнасына берген сұхбатында.
Жекпе-жек болмай қалуы да мүмкін – Махачевтің командасы Рахмоновпен жекпе-жек ұйымдастырғысы келмейтінін бұған дейін мәлімдеген болатын.