locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Арман Царукян: Исламның осындай деңгейге жетуіне Хабибтің ықпалы зор

UFC жеңіл салмағының бірінші нөмірі Махачев пен Нурмагомедовтің айырмашылықтарын атап өтті
Арман Царукян: Исламның осындай деңгейге жетуіне Хабибтің ықпалы зор
ФОТО: Getty Images

UFC жеңіл салмақ дәрежесінің бірінші нөмірі Арман Царукян Камил Гаджиевтің YouTube арнасына берген сұхбатында Ислам Махачев пен Хабиб Нурмагомедовтің айырмашылықтары туралы ойымен бөлісті.

«Мен бұлай айтар едім: егер Исламның жанында Хабиб болмағанда, ол қазіргідей деңгейге жетпес еді. Бұған жүз пайыз сенімдімін. Хабиб болса – өзі бәріне жетті, әкесі көмектесті, бірақ медиа жағын, өзін танытуды – бәрін өзі жасады, ешкім оны итермелеген жоқ.

Ал Исламның жанында Хабиб бар еді – ол Бобби Гринді жеңді, титулға шықты. Иә, ол мықты болды, ешкім онымен жекпе-жекке шыққысы келмеді, бірақ бәрібір Хабиб жақсы қолдап, итермеледі.

Техникалық тұрғыдан Исламның деңгейі мүлде басқа. Егер Хабибтің соққы техникасын қарасақ, аяқпен тебуі, боксы – бұл басқа нәрсе. Ал қысым, күрес, партердегі бақылау мен тыныс – бұл Хабибтің мықты жағы. Бірақ жалпы алғанда – Исламның деңгейі басқа».

Азат Максұм: Уланбеков – адам, оны да жеңуге болады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie