Азат Максұм: Уланбеков – адам, оны да жеңуге болады
Қазақстандық файтер Баку қаласындағы жекпе-жекке дайындығы туралы пікір білдірді
ФОТО: Getty Images
Қазақстандық UFC файтері Азат Максұм арнасына берген сұхбатында, 21 маусымда Бакуде өтетін UFC турнирінде ресейлік Тагир Уланбековпен болатын жекпе-жекке дайындығы жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды «Спорт Шредингера».
— Тагир Уланбековке арнайы дайындалдың ба? Бұрынғы жекпе-жектерін көрдің бе?
— Иә, соңғы жекпе-жегін көрдім. Бұрынғы жекпе-жектерін де көргенмін. Не ойлаймын? Жалпы алғанда, әдеттегідей. Ол да адам, оны да жеңуге болады. Әрине, оның аяғы мен қолы ұзын. Көбіне торда жұмыс істеп, күреседі. Бірақ мен де оның күресіне қарсы тұруға дайынмын. Тік тұрып соғысуда да, күресте де менен асып түспейді.
Тарихи UFC турнирінде Азат Мақсұм Тагир Ұланбековпен жекпе-жек өткізеді.