Арман Царукян дю Плесси мен Чимаев жекпе-жегіне болжам жасады
UFC ұйымының жеңіл салмақтағы бірінші нөмірлі файтері Арман Царукян Хамзат Чимаев пен Дрикус дю Плесси арасындағы титулдық жекпе-жекке қатысты пікір білдіріп, чемпиондық белбеуге басты үміткер ретінде Чимаевты атады.
«Мен Хамзатқа сенемін. Ол өте техникасы мықты, күші бар, тынысы жақсы. Егер дұрыс дайындалып, салмақты оңай түсірсе, оны бұл салмақта ешкім тоқтата алмайды. Ол Дрикустан соққыда да, күресте де, бақылауда да, тұншықтыруда да мықты. Кез келген позициядан Д’Арс тұншықтыру әдісін жасай алады. Чемпион болатын мүмкіндігі өте жоғары», – деді Царукян Матч ТВ-ге берген сұхбатында.
UFC 319 турнирінің басты жекпе-жегі – Чимаев пен дю Плесси арасындағы UFC орта салмақ титулы үшін айқас – 17 тамызға қараған түні Чикагода өтеді.
Том Аспиналл келесі жекпе-жегінің өтетін орнын және күнін айтты.