Том Аспиналл келесі жекпе-жегінің өтетін орнын және күнін айтты
UFC уақытша чемпионы ресми мәлімдеме жасауға жақын
ФОТО: Getty Images
Ауыр салмақта UFC ұйымының уақытша чемпионы, Ұлыбритания өкілі Том Аспиналл келесі жекпе-жегінің күні мен өтетін орнын білгенін мәлімдеді. Алайда спортшы әзірге толық ақпаратты ашпағанымен, жанкүйерлерге жақын арада бәрі белгілі болатынын айтты.
«Жігіттер, көп ұзамай бәрін білесіздер. Бұл ауыр салмақ үшін өте қызықты кезең. Қозғалыс байқалып жатыр. Мен сіздерге бір нәрсе айтайын – менде нақты күн мен орын бар», – деді Аспиналл Даниэль Кормье және Чейл Сонненнің подкастында.
Айта кетейік, 31 жастағы Аспиналдың кәсіби мансабында 15 жеңіс (оның 12-сі мерзімінен бұрын) және 3 жеңіліс бар.
Двалишвили О’Мэллимен реванш туралы: Бұл оған – не бәрі, не ештеңе.