locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қан мен терге толы жол». Әліби Ыдырыс жанкүйерлеріне үн қатты

«Қан мен терге толы жол». Әліби Ыдырыс жанкүйерлеріне үн қатты
ФОТО: Darteam

Қазақстандық спортшы Әліби Ыдырыс UFC 319 турнирінде өткен The Ultimate Fighter 33 финалынан кейін жанкүйерлеріне жүрекжарды сөз арнады. Естеріңізге сала кетейік, ол америкалық қарсыласы Джозеф Моралеске екінші раундта сабмишнмен жол беріп, мансабындағы алғашқы жеңілісін тіркеді.

Алайда жекпе-жектен соң Әліби бірден Қазақстан халқына үн қатты:

«Әс-салам алейкум, қымбатты қазақстандықтар, жанкүйерлер! Нәтиже біз күткендей болмады. Бұл - менің жолым, қан мен терге толы жол. Әрқашан жанымда болып, қолдау көрсеткен бауырларыма және жанкүйерлеріме алғыс айтамын. Бастысы - басымызды көтеріп, алға қарай жүру. Қазақстан - алға!»

Әліби Ыдырыс турнир бойы жоғары деңгей көрсетіп, өзінің мінезі мен табандылығын дәлелдеді. Оның есебінде бірнеше жарқын жеңістер бар, соның ішінде венесуэлалық Ройберт Эчеверрианы айқын нокаутпен тоқтатқан жартылай финал да ерекше есте қалды.

Осы нәтижелері арқылы Әліби Ыдырыс TUF жобасының ең жарқын қатысушыларының біріне айналды. Жеңілісіне қарамастан, ол өз әлеуетін паш етіп, алдағы үлкен белестерге жол ашты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie