locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

“Алақ чемпион”. Иржи Прохазка Анкалаевтің жеңісіне пікір білдірді

“Алақ чемпион”. Иржи Прохазка Анкалаевтің жеңісіне пікір білдірді
ФОТО: Getty images

UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы чемпионы Иржи Прохазка жаңа титул иегері Магомед Анкалаевті сынға алып, оның Алекс Перейраға қарсы жеңісін ешкім құрметтемейтінін айтты.

“Анкалаев не ойласа да, өз еркі. Бірақ бұл жерде жалғыз алаяқ – өзі. Лас-Вегаста оны кездестіргенімде мүлде басқа адамды көрдім, ал қазір өзін “үлкен гангстер” етіп көрсетуде. Титул үшін жекпе-жекте ол мансабындағы ең әлсіз айқасын өткізген Перейраны жеңді. Анкалаев жекпе-жекте 100%-ға берілмейді, екінші-үшінші раундтарда тек қашуға тырысады. Мен оны қолға түсіру үшін барымды саламын,” – деді Прохазка The Ariel Helwani Show бағдарламасына берген сұқбатында.

Еске сала кетейік, UFC 313 турнирінде Анкалаев Перейраны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленді. Оның еншісінде 20 жеңіс, бір жеңіліс, бір тең нәтиже және бір өткізілмеген жекпе-жек бар.

Айта өтетін тағы бір жайт, “алаяқ” Анкалаев рейтингте жоғарылап, UFC элитасына енуде.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie