locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Аңыздың оралуы ма? Макгрегор Ақ үй алдындағы жекпе-жек туралы жазбасымен жанкүйерлерді таңғалдырды

Макгрегор әлеуметтік желідегі жазбасымен Вашингтондағы сенсациялық турнирге қатысты алып-қашпа әңгімелерді күшейтті
ММА
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Аңыздың оралуы ма? Макгрегор Ақ үй алдындағы жекпе-жек туралы жазбасымен жанкүйерлерді таңғалдырды
ФОТО: Getty Images

Ирландиялық ММА жұлдызы Конор Макгрегор жанкүйерлерін тағы да дүрліктірді.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Ақ үй маңында өтеді деп жоспарланған UFC турниріне қатысты жазбамен бөлісіп, оған:

«Макгрегор оралады!» – деген сөзді қосты.

Еске салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Ақ үйдің алдында UFC жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді. Дәл осы жаңалықтан кейін Макгрегор да ерекше турнирде өнер көрсетуге ниет білдірген.

Конор соңғы рет октагонға 2021 жылдың жазында UFC 264 турнирінде шыққан болатын. Ол кезде америкалық Дастин Порьеге техникалық нокаутпен есе жіберді. Қазіргі уақытта ирландиялық файтердің кәсіби мансабындағы көрсеткіші – 22 жеңіс және 6 жеңіліс.

Сондай-ақ Трамп Ақ үйде турнир өткізуді мақұлдады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie