Жайлауовтың «Барыс» тізгінін ұстауы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Қазақстандық хоккейдің аңызға айналған тұлғасы Талғат Жайлауов бұқаралық ақпарат құралдарында тараған «Барыс» клубының бас бапкері қызметіне тағайындалуы жөніндегі қауесеттерді жоққа шығарды. Ол клубпен бұл тақырыпта ешқандай байланыс болмағанын нақты мәлімдеді.
«Маған «Барыстың» бас бапкері болу жөнінде ешкім хабарласып, әңгімелескен жоқ. Мұндай әңгіменің қайдан шыққаны өзіме де түсініксіз. Өзімнің білуімше, Ғалым Баубековичтің клубпен ұзақ мерзімді келісімі бар», - деді Талғат Жайлауов «Головой об лед» берген сұқбатында.
Елорда клубының жанкүйерлеріне Талғат Жайлауов жақсы таныс. Ол «Барыс» сапында он жылдан астам уақыт өнер көрсетіп, 2007 жылдан 2020 жылға дейін клубтың намысын қорғады. Спорттық мансабын аяқтаған соң, басқару саласында да бағын сынап көрді .
Айта кетейік, «Барыс» командасындағы бапкерлік құрамға байланысты түрлі алып-қашпа сөздер ҚХЛ-дың өткен маусымындағы сәтсіз нәтижелер аясында тарай бастады. Турнир кестесінде соңғы орынға тұрақтағаннан кейін, клуб басшылығындағы кез келген өзгеріс қазақстандық хоккей қауымдастығының назарын өзіне аударып отыр.