Дереккөз. Барыс Талғат Жайлауовпен ынтымақтастықты тоқтатты
Хоккей
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Shaiba.kz порталының мәліметінше, хоккей клубы "Барыс" Талғат Жайлауовпен ынтымақтастықты тоқтатты.
39 жастағы маман осы маусымды "Барыс" пен "Номад" командаларының бапкерлік штабында бастады. Бұған дейін ол Қарағандының "Сарыарқа" клубының директоры қызметін атқарған.
Ойыншы ретінде Жайлауов елордалық "Барыс" құрамында 12 маусым өткізген. Бұған дейін ол бес жыл бойы Өскеменнің "Қазцинк-Торпедо" командасының намысын қорғады. Сондай-ақ Талғат Жайлауов Қазақстан құрамасы сапында тоғыз әлем чемпионатында өнер көрсеткен. Хоккейші мансабын 2020/21 жылғы маусымда "Сарыарқа" клубында аяқтаған.
Барыс капитаны Кирилл Панюков 2025 жылдың алғашқы ойыны алдында мәлімдеме жасады