Видео. Ең ауыр маусымнан кейін: «Барыс» жаңа құрамын айқын түрде таныстырды
«Барыс» ҚХЛ-2025/26 маусымына жаңарған құрамын таныстырды
Хоккей
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Барыс ХК
30 тамыз күні Астанадағы ЭКСПО жазғы сахнасында «Барыс» хоккей клубының жаңа маусым алдындағы жарқын таныстырылымы өтті. Елордалық команда жанкүйерлеріне Құрлықтық хоккей лигасының 2025/26 маусымында өнер көрсететін жаңартылған құрамын паш етті.
Өткен маусым «Барыс» тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі болды. Команда ҚХЛ турнир кестесінің ең соңғы сатысында қалып, лиганың басты күйзелісі ретінде есте қалды.
Ал биылғы жазда «Барыс» түбегейлі өзгерістерге барды. Құрамды күшейту үшін жаңа легионерлер шақырылып, басқару құрылымына түзетулер енгізілді, сондай-ақ жас ойыншыларға сенім артылды.
Айта кетейік, жуырда Магнитогорскідегі Ромазан мемориалында «Барыс» соңғы ойында турнир иелері – «Металлургке» жол берген болатын.