locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» Ромазан мемориалын «Металлургтен» жеңіліспен аяқтады

Ең төменгі есеппен өкінішті жеңіліс
Хоккей
Санжар Ақатаев
Санжар Ақатаев
Журналист
«Барыс» Ромазан мемориалын «Металлургтен» жеңіліспен аяқтады
ФОТО: Официальный сайт ХК «Барыс»

Астаналық «Барыс» хоккей клубы Ромазан атындағы Мемориалдағы соңғы кездесуінде Магнитогорскінің «Металлургіне» есе жіберіп, жарысты аяқтады.

Ойын турнир иелерінің пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздардың сапында шайбаларды Роман Канцеров (27-минутта) пен Дмитрий Силантьев (42) соқты. «Барыстың» жалғыз голын 35-минутта Ансар Шайхмедденов өз атына жазды.

Бұған дейін «Барыс» күтпеген жерден «Металлургтің» фарм-клубы – «Магниткаға» (1:2) жол берген, алайда артынша овертаймда «Салават Юлаевты» 4:3 есебімен жеңіп, жанкүйерлерін қуантқан еді.

Ромазан мемориалының қорытынды турнир кестесінде ұпайлар былайша бөлінді:

  • «Магнитка» — 6 ұпай
  • «Салават Юлаев» — 3 ұпай
  • «Металлург» — 3 ұпай
  • «Барыс» — 2 ұпай

Айта кетейік, «Барыс» үшін ҚХЛ маусымы 7 қыркүйекте Челябінің «Тракторына» қарсы өз алаңындағы матчпен басталады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie