locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО: «Барыстың» «Амурдан» жеңілген сәттері

Михаил Кравец шәкірттері ҚХЛ-дың жаңа маусымындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады
ФОТО: «Барыс»

«Барыс» өз айдынында «Амурдан» жеңіліп, ҚХЛ-дың жаңа маусымындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Михаил Кравец командасы бірінші кезеңнің ортасында шайба жіберіп алды. Лихачев Хабаровскіден келген қонақтарды алға шығарды. Екінші кезеңнің басында «Амур» Шваревтің дәл соққысынан кейін басымдығын еселеді.

«Барыстың» канадалық легионері Гарретт Пилон бір шайбаның қарымтасын қайтарды, алайда бүгін алаң иелерінің бұдан көп нәрсеге шамасы жетпеді. Матчтағы соңғы сөз Хабаровск командасында қалды. Астаналықтар қақпашыны алмастырып, қосымша шабуылшы шығарған сәтте Петьков оларды жазалап, есепті 1:3-ке жеткізді.

«Барыс» тұрақты маусымның басындағы екі жарқын жеңістен кейін маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Қазақстан астанасының командасы үш ойыннан кейін төрт ұпай жинап, турнирлік кестеде төртінші орында тұр.

Ал «Амур» үш жеңілістен кейін маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, алғашқы үш ұпайын еншіледі және Шығыс конференциясында сегізінші орынға көтерілді.

16 қыркүйекте «Барыс» Тольяттиде сырт алаңда «Ладаға» қарсы ойнайды.

Назарларыңызға «Барыс» – «Амур» матчының бейнешолуын ұсынамыз

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie