ВИДЕО: «Барыс» «Спартакты» буллиттер сериясында жеңді
Жексенбі, 4 қазанда, астаналық «Барыс» Мәскеудің «Спартак» командасын сырт алаңда буллиттер сериясында жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бірінші кезеңде көрермендер шайба соғылғанын көре алмады, мұз айдынындағы ең қызықты сәттер екінші 20 минуттық кезеңнен басталды.
Алдымен алаң иелері алға шықты, алайда кейін қонақтар есепті теңестіріп, Дэйя мен Асетовтың шайбаларының арқасында басымдыққа ие болды. Дегенмен «қызыл-ақтар» Пивчулиннің дәл соққысынан кейін таразы басын қайта теңестірді.
Үшінші кезеңнің ортасында Локхар Мәскеу командасын қайтадан алға шығарды. «Барыс» 59-минутта Томпсонның дәл соққысының арқасында жеңілістен құтылды.
Матч жеңімпазы буллиттер сериясы нәтижесінде анықталды. Мәскеуліктер өздерінің барлық соққыларын сәтті орындай алмады, ал Астана командасына жеңіс әкелген — Пилон.
Айта кетейік, «Барыстың» қоржынында 14 ұпай бар және команда ҚХЛ Шығыс конференциясында төртінші орында тұр. Енді Қазақстан астанасының командасын 10 қазанда Астанада «Авангардқа» қарсы матчпен басталатын үй сериясы күтеді.
Назарларыңызға ҚХЛ аясындағы «Спартак» - «Барыс» матчының бейнешолуын ұсынамыз