locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мінез көрсетіп: «Барыс» Мәскеуде «Спартакты» буллиттер сериясында жеңді

Астаналық команда қатарынан екінші матчта жеңіске деген жігерін танытты
ФОТО: «Барыс»

4 қазанда астаналық «Барыс» ҚХЛ-дегі сырт алаңдағы сериясын мәскеулік «Спартакқа» қарсы матчпен аяқтады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алғашқы кезең Мәскеудегі мұз сарайына жиналған көрермендерге соғылған шайба сыйлаған жоқ. Екінші 20 минут әлдеқайда тартысты өтті.

Алдымен мәскеуліктер алға шықты, алайда кейін қонақтар есепті теңестіріп, алға озды: шайбаларды Дэй мен Асетов соқты. Дегенмен үзіліске дейін алаң иелері Пивчулиннің дәл соққысынан кейін таразы басын теңестіріп үлгерді.

Ал үшінші кезеңнің ортасында Локхарт «қызыл-ақтарды» қайтадан алға шығарды. Матч алаң иелерінің жеңісімен аяқталатындай көрінген сәтте, Қазақстан командасы алдыңғы ойындағыдай мінез көрсетіп, кездесудің 59-минутында есепті теңестірді. Томпсонның дәл соққысы ойынды овертаймға ұластырды.

Жеңімпаз матчтан кейінгі буллиттер сериясында анықталды. Мәскеуліктер өз мүмкіндіктерінің ешқайсысын пайдалана алмады, ал Астанадан келген қонақтарға жеңіс әкелген голды Пилон соқты.

Осы матчтан кейін «Барыстың» қоржынында 14 ұпай бар, команда ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында төртінші орында тұр. 12 ұпайы бар «Спартак» Батыс конференциясында алтыншы сатыға жайғасты.

Енді Михаил Кравец шәкірттерін 10 қазанда Астанада «Авангардқа» қарсы матчпен басталатын үш ойындық үй сериясы күтіп тұр.

«Спартак» (Мәскеу) – «Барыс» (Астана) 3:4 Б (0:0, 2:2, 1:1, 0:0, 0:1)

1:0 - Гутик (Котляров, Орлов) - 27:30 ГБ
1:1 - Дэй (Омирбеков, Шестаков) - 30:16
1:2 - Асетов (Дэй, Шайхмедденов) - 34:18
2:2 - Пивчулин - 36:48 ГМ
3:2 - Локхарт (Лукьянцев) - 48:18
3:3 - Томпсон (Дэй, Морелли) - 58:22
3:4 - Пилон - 65:00 Б

Қақпашылар: Загидулин - Шутов

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie